RU
Дана Нұржігіт өзіне теріс пікір жазған оқырманның масқарасын шығарды

Дана Нұржігіт өзіне теріс пікір жазған оқырманның масқарасын шығарды

Рассказать Вконтакте

Дана Нұржігіт өзіне ауыр пікір жазып, намысына тиген желі қолданушысын орнына қойды. Тележүргізуші жеке өміріне араласқан желідегі белгісіз әйелді Instagram парақшасына шығарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі Дана Нұржігітке: "Бұл Даналарың неміспен тұрғанда мысық еді. Қазаққа тиіп, құтырды ғой. Өзінің де халықтың арасынан шыққанын ұмытты", - деп жазған. (Ред: автордың мәтіні өзгеріссіз, сақталған)

Ал тележүргізуші жазба авторының бұл пікірі ұлтаралық мәселе тудырып отырғанын ашып айтты.

"Мынаны жазып отырған адам қаншалықты ауыр сөз екенін түсініп отырған шығар. Ұлтаралық мәселе болғаны былай тұрсын, отбасылық тыныштыққа төнген қауіп. Баламның намысы, өзімнің денсаулығым...Үндемей өшіріп тастасын! Халықтың арасынан шықсаңыз, бүркенбей, бетіңізді ашыңыз! Құзырлы органдардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Жетер енді", - деп жауап жазды.

Желі қолданушылары Дана Нұржігітке мұндай адамдарды тек қара тізімге жіберу керектігін айтып, кеңес берген.

"Сіздің даналығыңыз да, даралығыңыз да соқырға таяқ ұстатқандай айқайлап тұр ғой", "Өмір жолындағы көшіңізді тоқтатпаңыз, артқа қарап арпалысатын кез емес", "Салған суретіңіздің астындағы әр пікірге жүрегіңізді ауырта берсеңіз ненің қалады?", "Ең оңай жолы сізді оқи алмайтындай етіп блокқа қойып тастау" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Дана Нұржігіт 2017 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
2
3
6
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel