RU
Ақтауда көлік ұрысын ұстап жатқан сәт видеоға түсіп қалды

Ақтауда көлік ұрысын ұстап жатқан сәт видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда ВАЗ 21099 маркалы көлігін ұрлап кеткен ер азаматты тәртіп сақшылары арнайы жасақпен қолға түсірді. Осы сәтті куәгерлер камераға түсіріп алған деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Сұр түсті "ВАЗ" жеңіл көлігі Ақтаудағы 9 ықшамауданда тұрақта тұрған.

Оны 6 маусым күні кешкісін 21:00-де ұрлап кеткен.

Кадрдан көлік ұрлаушыны ВАЗ-дың салонынан шығарып алғанын байқауға болады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті 7 мен 9 ықшамаудан арасында құрамында кіші лейтенант Ержан Аят пен лейтенат Аманқос Мұрат бар "Мираж-3" экипажына ұсталды.

Ведомство күдіктіні қалалық полиция бөліміне алып кеткенін жеткізді

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel