RU
Президент сайлауы: Бір кабинаға екі адамның кіруіне бола ма?
Жаңалықтар Қоғам

Президент сайлауы: Бір кабинаға екі адамның кіруіне бола ма?

Рассказать Вконтакте

9 маусым күні елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осыған сәйкес, қазақстандықтарды сайлау учаскелерінде қандай ережелер күтіп тұрғанын Sputnik Қазақстан анықтап берді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сайлау учаскесінің өкілдері заң бойынша дауыс беру кабинасына тек бір адам ғана кіретінін айтты.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға өзімен бірге бір көмекшіні алып жүруіне болатыны хабарланды.

Бірақ ол көмекші сайлау комиссиясының мүшесі, жергілікті атқарушы орган, кандидаттың сенімді өкілі, журналист пен байқаушы болмауы тиіс.

Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 680 мың адам бар. Олардың ішінде 500 мыңнан астамы дауыс бере алады.

Басылымның жазуынша, сайлау күні комиссия мүшелері сағат 12.00-ден кейін учаскеге келе алмайтын азаматтарды аралап, дауыс жинайды.

Заңға сәйкес, ондай мүмкіндік денсаулығына, бала күтіміне, сондай-ақ шалғай орналасуына байланысты шыға алмағандарға беріледі.

Сайлау учаскесінің өкілі дауыс беруге келетін адам алдымен сайлау комиссиясының мүшелеріне барып, жеке куәлігін көрсетуі керектігін алға тартты.

Оның сөзінше, осыдан кейін оны тізім бойынша тексеріп, қолына бюллетень ұстатады.

Мамандар сайлаушы дауыс беру кабинасына жалғыз өзі кіретінін де жеткізді.

Сондай-ақ, бюллетеньді фотоға түсіруге болмайтынын атап өтті.

Кабинадан шыққаннан кейін бюллетеньді шыныдан жасалған жәшікке салу қажет екендігі айтылды.

Сайлау учаскелерінің өкілдері дауыс беру құқығын басқа біреуге тапсыруға болмайтынын алға тартты.

"Бұған дейінгі сайлауларда кейбір адамдар бюллетеньді жәшікке салмай, кетіп қалатын. Ондай жағдайлар да болды. Сосын бәрін санағанда ол бюллетеньдер жоқ болып шығатын. Осы жолы сайлаушылардың бюллетеньді жәшікке салғанын жіті бақылайтын боламыз", - деді учаскелік комиссияның төрайымы Дариға Дәуренбекова.

Оның сөзінше, бюллетеньде барлық кандидаттар әліпби тәртібімен орналасады.

Дариға Дәуренбекова бюллетеньде әрбір кандидаттың аты-жөніне қарсы кішкентай квадрат болатынын атап өтті.

Оның сөзінше, сол жерге кез келген белгіні қоюға рұқсат бар екен.

Бірақ қарындаш қолдануға болмайтынын жеткізді.

Дәуренбекова сайлаушы бір кандидаттан артық белгі қойса, ондай бюллетень жарамсыз болып саналатынын алға тартты.

Ол дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасатынын атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel