RU
Жұмыс беруші сайлауға барғаны туралы есепті талап ете ала ма?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жұмыс беруші сайлауға барғаны туралы есепті талап ете ала ма?

Рассказать Вконтакте

Жұмыс беруші қол астындағы қызметкерлерден сайлауға қатысқаны немесе қатыспағаны туралы есеп талап ете алмайды. Бұның заңсыз екені бүгін елордада президенттік сайлауалды үгіт-насихат кезеңінің қорытындысына арналған шарада айтылды деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жұмыс берушінің қоластындағылардан сайлауға қатысқаны жөнінде қандай да бір есепті талап ете алмайтынын заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамов та қадап айтты.

"Сайлауда дауыс беру, бермеу - әр азаматтың жеке құқығы. Сондықтан, одан сайлауға барғаны туралы фото-есеп пен қандай да бір түсініктеме талап ету заңсыз болып есептеледі. Тіпті кімге дауыс бергенін сұрамай-ақ, жай ғана сайлауға қатысқан-қатыспағаны туралы есепті талап ету сайлау туралы заңнаманы бұзу болып саналады" , - деді заңгер.

Қылмыстық іс жүргізу құқығына маманданған заң ғылымдарының докторы мұндай жағдайға тап болғандар прокуратура мен сот органдарына шағым түсіруге толығымен құқылы екенін атап өтті.

"Жұмыс беруші осыған ұқсас негізсіз талаптар қойса, прокуратураға жазбаша шағым түсіруге болады. Ал прокуратура бұл шағымға бір сағаттың ішінде әрекет етуге міндетті. Ондай заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тіпті, қылмыстық жауапқа тартылуы да әбден мүмкін" , - дейді ол.  

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel