RU
Шымкент маңында газ цистерналары жарылып, алапат өрт шықты

Шымкент маңында газ цистерналары жарылып, алапат өрт шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының маңында жойқын жарылыс болып, өрт шықты. Белгілі болғандай Тассай елді мекеніндегі Жібек жолы даңғылы бойында газ цистерналар жарылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орынан фото

Оқиға орынан фото

Өрт бүгін сағат 11.10 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанар-жағармай құю бекеті маңындағы 50 және 7 куб метр көлемдегі автоцистерналар жарылған.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 21 арнайы техникасы мен жеке құрамның 90 қызметкері жұмылдырылған. Тілсіз жау сағат 12.20-да ауыздықталған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен барлық құзырлы органдар қызметкерлері жұмыс істеуде.

Өрт салдарынан 20 жастағы жігіт қатты күйік шалып ауруханаға жеткізілген.

"1999 жылы туған науқас өте ауыр жағдайда жеткізілді. Денесінің 98 пайызын күйік шалған. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы аса ауыр", - дейді Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигинация орталығының бас дәрігері М.Ермаханбетова.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel