Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК-нің арнайы операциясы кезінде Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталды (фото)

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнаулы мақсаттағы қызметтің көмегімен заңсыз атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК мен арнайы жасақ операциясы кезінде гранатометтер мен автоматтар тәркіленді (фото)
Фото: knb.gov.kz: UGC

5 маусым күні арнайы операция барысында Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны тұтқындалды.

ҰҚК мен арнайы жасақ операциясы кезінде гранатометтер мен автоматтар тәркіленді (фото)
Фото:knb.gov.kz: Facebook
"Тінту кезінде үш гранатаатқыш, екі "Калашников" автоматы, бес тапанша, үш бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік оқ табылып, тәркіленді.
Күдіктілердің бірі тұрғылықты жерінде қаруды жинау және қайта жасау үшін арнайы жасырын шеберхана ұйымдастырған. Сол жерде көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін бөлшектер (селитра, жарылғыш дәрі және тағы басқалары) алынды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798280-kk-men-arnajy-zasak-operaciasy-kezinde-granataatkystar-men-avtomattar-trkilendi-foto/

pixel