RU
Эльмира Сұханбердиеваның АҚШ-тағы оқуына бюджеттен 40 мың доллар жұмсалған

Эльмира Сұханбердиеваның АҚШ-тағы оқуына бюджеттен 40 мың доллар жұмсалған

Рассказать Вконтакте

Бірнеше күн бұрын тұтқындалған Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева АҚШ-та білім алуына байланысты екі жыл бұрын да жанжалдың "бас кейіпкеріне" айналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: edu.gov.kz

Фото: edu.gov.kz

2017 жылы БАҚ беттерінде Эльмира Сұханбердиеваның "Болашақ" стипендиясына ие болғаны туралы ақпарат тараған еді. "Хабар 24" хабарлағандай, оған мемлекеттік бюджеттен 40 мың доллар жұмсалған.

Алайда, кейіннен түрлі басылымдар шенеуніктің шетелде оқу мүмкіндігін заңсыз алғаны, себебі оның аты-жөні қатысушылар тізімінде болмағаны туралы мәліметтер жариялай бастады.

Өз әріптесіне болысқан "Халықаралық бағдарламалар орталығының" басшысы Жанболат Мелдешов журналистерге тест тапсыру процесі мен бағдарламаға қатысу үшін құжаттар тапсырудың қалай өткенін түсіндірді.

Ол тізімде Сұханбердиеваның есімі неліктен болмағанын егжей-тегжей баяндап берді.

"Барлығына телефонмен хабарласудың орнына біз тізімді сайтта жариялаймыз. Сертификат алғандарды, өз есебінен тапсырғандарды жариялауға негіз жоқ. Себебі, олар өту балы бар екенін біледі. Қалған кезеңдердің барлығын Эльмира Амангелдіқызы ортақ байқауда өтті", - деді Мелдешов.

Ал шенеуніктің өзі тараған ақпаратты жалаға теңеді.

"Егер кімде-кім сенбесе, тексере алады. Барлық процесс бейнекамераға жазылған. Тестілеуге үміткерлердің барлығы топпен, басқа қатысушылармен бірге келеді", - деді ол журналистерге.

"Болашақ" стипендиясын алған соң Сұханбердиева оқу демалысын алған. Америкадағы оқуы аяқталған соң ол білім вице-министрі қызметіне қайта келді.

Айта кетейік, 6 маусым күні Эльмира Сұханбердиева тұтқындалды.

Ол пара алды және өз лауазымды өкілеттілігін теріс пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
6
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel