RU
"Еуразия аруы" өзінің тәжін тауып берген адамға күйеуге шықпақшы
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Еуразия аруы" өзінің тәжін тауып берген адамға күйеуге шықпақшы

Рассказать Вконтакте

"Еуразия аруы - 2019" байқауының жеңімпазы тәжі ұрланғанын жариялады. Бойжеткен жүлдені қайтарған адамды ерекше сый күтіп тұрғанын жариялады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен жүрегінің бос екенін айтып, тәжінің жоғалуы өзіне қорғаушы мен сүйеніш болатын адамды табуға көмектесуі мүмкін екенін жариялады.

"Бұл жалғанда тәжімді қайтара алатын мықты ер азаматтар әлі де бар деп үміттенемін. Жүрегімде орын бос. Сондай ер адам табылып, тәжімді қайтарса, оған тұрмысқа шығуға дайынмын", - деді Настя Костенко.

Бойжеткен 347 мың оқырманына асыл бұйымды қаскөйлер Түркияның Анталья қаласындағы Sueno Hotels Deluxe Belek қонақүйдегі бөлмесінен ұрлап кеткенін хабарлады.

"Жеңісіме ұзақ қуанбадым. Тәжім жоғалды. Қонақүй бөлмесіне қалдырып кетіп едім, келгенімде ұрлап кеткенін білдім. Оны жақындарыма көрсетуді армандап едім", - деді бойжеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel