Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті азаматынан бірнеше жас үлкен отандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Отандық өнер иелерінің арасында өзінің жұбынан бірнеше жас үлкендері бар. KAZ.NUR.KZ махаббаттары жасқа қарамаған бірнеше әнші аруларымызды ұсынады.

Ахмадиева, Сәдуақасова, Луина. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Ахмадиева, Сәдуақасова, Луина. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасова жұбайы Олжас Смағұловтан 6 жас үлкен. Әншінің жұбайы телеарнада режиссер болып қызмет атқарады.

2014 жылы шаңырақ көтерген жұбайлардың бүгінде Әнуар есімді бір ұлы бар.

Луина

Отандық әнші Луина өткен жылы азаматтық некедегі продюсері Жомарт Сүлейменовпен қарым-қатынасын үзді.

Ал 2018 жылдың қарашасында әнші өзінің жаңа сүйіктісі Артем Обуховты көпшілікке таныстырды. Әнші ғашығынан 7 жасқа үлкен.

Әнші тіпті жақында туған күнін тойлап, жігітінің өзіне сақина сыйлағанын мәлім етті.

Дильназ Ахмадиева

Шоу бизнес әлемінің тағы бір сұлуы Дильназ Ахмадиева да өзінен 6 жасқа кіші. Әншінің жүрегін жаулаған Азильдо Сейтебаев есімді павлодарлық азамат. Оның әншілік қыры да жоқ емес.

Естеріңізге сала кетейік, әнші 2011 жылы Ахмед есімді бизнесменге тұрмысқа шықты. Алайда 2015 жылы әнші ажырасқаны жайлы мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798319-sjikti-azamatynan-birnese-zas-lken-otandyk-zldyzdar-kimder/

pixel