RU

Головкин қай боксшымен жұдырықтасуды армандап жүргенін айтты

Геннадий Головкин қандай жекпе-жек өткізуді арман еткенін айтты. Алайда ол боксшы өз мансабын аяқтаған екен деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

GGG-дің арманындағы қарсыласы кіші Флойд Мэйвезер болып шықты. Спортшы өзінің позициясын көпшілік қолдайтынын айтты.

"Арманымдағы жекпе-жек? Флойдпен кездесу. Ол ақылды жігіт. Мен оны және оның стилін құрметтеймін. Сол себепті, онымен жекпе-жекке шығу арманым. Барлығы мұны қалар еді деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды былғары қолғап шебері.

Головкиннің айтуынша, бокс сүйер қауым жекпе-жек кезінде тым көп қозғалатын аңызға айналған Майвезерге көңілі тола бермейді екен.

Сондай-ақ, GGG кезінде көптеген қарсыластармен күш сынасқысы келгенін, алайда олар өз кезегінде қазақстандық боксшымен рингке шығудан бас тартқандарын айтты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегіне тегін билеттер таратпақшы болғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798335-golovkin-kaj-bokssymen-zdyryktasudy-armandap-zrgenin-ajtty.html