Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Думан Қожахметов Қарағанды полициясына басшы болып тағайындалды

Опубликовано:

Думан Қожахметов Қарағанды қаласы полиция басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Bnews.kz
Фото: Bnews.kz: Twitter

Полиция полковнигі Ерлан Файзуллин Қарағанды қаласы полиция басқармасының жеке құрамына жаңа басшы Думан Қожахметовты таныстырды.

Бұған дейін ол Шахтинск қаласының полиция бөлімшесін басқарды.

Думан Қожахметов 1979 жылы дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар. Органдарда 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Өзінің еңбек жолын Ақмола облысы ІІБ Ерейментау АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастады.

2005 жылдан бері Ақмола және Қарағанды облысы ІІД бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарды.

Кейін Қарағанды ІІБ Михайловка полиция бөлімінде жұмыс істеді. Басында орынбасар, кейін осы бөлімшенің бастығы болды.

2010 жылдан 2014 жылға дейін Теміртау ІІБ бапсқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798353-duman-kozahmetov-karagandy-policiasyny-bassysy-bolyp-tagajyndaldy/

pixel