RU
Сарығашта ұрылар айырбас нүктесінен үш млн теңге алып шыққан

Сарығашта ұрылар айырбас нүктесінен үш млн теңге алып шыққан

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ақша айырбастау пунктіне ұрлыққа түскендер қамауға алынды. Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, түнгі уақытта белгісіз біреулер оның жұмыс орнына, яғни, айырбас нүктесіне артқы есікті бұзып кіргенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: tass.ru

Фото: tass.ru

Ұрылар ақша айырбас нүктесінен қорапқа салынған, жалпы соммасы 3 миллион теңгеге жуық ақшаны қолды еткен.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасы барысында бір күн ішінде күдіктілерді құрықтады. Ұсталған екі азамат та жергілікті тұрғын болып шыққан.

Күдіктілерді қолға түсірген кезде 25 мың теңге тәркіленген. Екеуі де өз кінәсін толық мойындаған.

"Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК нің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір екі күдікті де қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр,"- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel