Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттегі өртке қатысты істі өз бақылауына алды

Опубликовано:

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте орын алған жойқын жарылысқа қатысты пікір білдіріп, зардап шеккен қызметкердің жағдайы туралы айтты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

әкіма
Оқиға орнынан кадрлар. Фото: www.instagram.com/gabidullaabdrakhimov: UGC
«Зерделеу жұмыстарында белгілі болғандай, "Мураз" ЖШС АГЖБ аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 200 текше метр екі бос газ цистернасы бар.

Бос екі цистернаның біріндегі газ қалдығы жанды, ал екіншісі салқындатылып, өрттен сақталды.

Бұған қоса АГЖБ аумағындағы сыйымдылығы 7 текше метр 2 автоцистерна мен 50 текше метр 2 автоцистерна жарылды», - деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Ғабидолла Әбдірахымовтың мәліметінше, жарылыстан зардап шеккен қызметкердің денесінің 98 пайызын күйік шалған.

«Жағдайы өте қиын. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Өрт сөндіру қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт 12:21-де толық сөндірілді. Оған жалпы 21 арнайы техника мен 90 жеке құрам қызметкері жұмылдырылған. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған істі жеке бақылауымда ұстаймын», - деп толықтырды қала басшысы.

Еске салсақ, бүгін Шымкент қаласындағы Тассай елдімекені маңында жойқын жарылыс болып, өрт шықты. Өрттің шығуына газ цистерналарының жарылуы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798372-gabidolla-bdirahymov-symkenttegi-rtke-katysty-isti-z-bakylauyna-aldy/

pixel