RU
Бас прокуратура заңсыз митингке шақыруға байланысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура заңсыз митингке шақыруға байланысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға митингіге шақырудың жауапкершілігі туралы еске салды. Үндеуді бүгін Бас прокуратура ресми сайтында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: nurliolke.kz

Фото: nurliolke.kz

Қадағалау ведомствосының мәліметінше, әлеуметтік желілерде 2019 жылғы 9 бен 10 маусымда рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыру мен қатысуға шақыру тарайды екен.

Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратурада заңнаманың келесі нормаларына назар аударылады.

Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Мұндай іс-шаралар алдын ала хабардар етіліп, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін, арнайы бөлінген орындарда жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу арқылы жүргізілуі тиіс.

Рұқсат етілмеген науқандарға шақыру, ұйымдастыру әрекетіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша іс қозғалады.

Егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай залал тигізсе, кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Бас прокуратура азаматтарды заңды түрде әрекет етіп, арандатушылыққа ұрынбай, заңсыз науқандарға қатыспауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз
24
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel