RU
Түркістан облысында ауыл тұрғындары сасық ауамен тыныстап жүр

Түркістан облысында ауыл тұрғындары сасық ауамен тыныстап жүр

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында тұтастай ауыл халқы амалсыз сасық ауамен тыныстауға мәжбүр болған. Тұрғындардың айтуынша, ауыл маңындағы қоқыс алаңы жұртшылықтың мазасын қашырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылының жағымсыз иістен жапа шегіп жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Бұған ауыл шетіндегі қоқыс алаңы себеп болып отыр.

"Сасық ауаны қашанғы жұтамыз" деген тұрғындар жергілікті билікке бірнеше рет шағым айтқан. Бірақ нәтижесіз дейді.

"Қоқысты өртегенде ауа жұту тіптен мүмкін емес. Полигонды басқа жаққа көшіруге болады ғой. Неге соны жасамайды?", - деді тұрғын.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ауылдық округ әкімі қоқыс алаңының талапқа сай орналасқанын айтады. Тіпті, полигонның қоршауға алынғанын және ондағы қоқыстың тазартылып тұратынын, утилизациялық жұмыстардың тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын да алға тартты. Бірақ алаңдағы тау болып үйілген қоқыс шенеуніктің бұл сөзін жоққа шығарып отырғандай.

Үйінді болып әр жерде шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтардың арасынан тіпті малдың өлекселерін де көруге болады.

Ауылдық округ әкімі қоқыс алаңы маңының жайрап жатуына жергілікті халық кінәлі деп отыр. Айтуынша, тұрғындар қоқыс жинау қызметіне ақша шығарғысы келмейді.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Әр үйден жиналатын 400 теңгені тұрғындар көпсініп отыр екен. Сол себептен үйлерінен шыққан қоқыс пен қырылған малдың өлекселерін байқатпастан алаңға жетер-жетпес жерге тастап кетеді. Бұл мәселені тек қоқыс алаңын халық қоныстанған ауылдан алыстату арқылы шешуге болады.

"Алаңға 10 мыңнан астам халық тұратын Жібек жолы ауылынан шыққан қоқыстар әкелінеді. Ауыл аумағы үлкен. Халықтың айтқан шағымы бойынша полигонды өзге жаққа ауыстыру жолын қарастырып жатырмыз. Тек бұл ауылда бос жатқан жердің болмауы ол жұмысты шешуге кедергі келтіріп отыр. Енді көршілес жатқан өзге ауылдан жер қарастырмақпыз",- деді Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Талғат Әзімбердиев.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Шенеунік бос жер табылып, жаңадан қоқыс алаңы пайда болса, ол кезде халық қызмет құнын қалай да төлеуі тиіс дейді. Оны әкімдік өз қолына алмақ.

Ал бос жер телімі табылмайынша жұртшылықтың сасық ауаны жұта тұруына тура келеді

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel