Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік күзет қызметінің офицері Ресейде әлем чемпионы атанды (видео)

Опубликовано:

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдегі әлем чемпионатында алтынды қанжығасына байлаған Мемлекеттік күзет қызметінің офицерін құттықтады. Нұрсұлтан Бекбатшаев қоян-қолтық ұрыстан сынға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото; Айдос Үкібайдың Twitter парақшасынан алынды
Фото; Айдос Үкібайдың Twitter парақшасынан алынды: Depositphotos

Елбасының құттықтау хатын оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жария етті.

Сайыс Санкт-Петербург қаласында өткен. Нұрсұлтан Бекбатшаев 40 елден келген 200-ден астам спортшының арасынан әлем чемпионы атанған.

"Қазақстанның беделін биіктетуіңмен шын жүректен құттықтаймын. Спортқа және туған еліңе деген сүйіспеншілігің әрдайым бойыңнан табылып, жастарға жарқын үлгі бола берсін!", - делінген Елбасының құттықтау хатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798385-nazarbaev-resejde-lem-cempiony-atangan-memlekettik-kzet-kyzmetini-oficerin-kttyktady/

pixel