RU
Жүктіліктің алтыншы айында жүрген сәнқой жұртты мінсіз мүсінімен таңғалдырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жүктіліктің алтыншы айында жүрген сәнқой жұртты мінсіз мүсінімен таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Австралияның 24 жастағы тұрғыны Бэлль Лючия жарты жылдан бері әлеуметтік желіге жүкті екенін жазып жүр. Алайда осы уақыт аралығында сәнқой арудың іші өзгеріссіз қалған. Лючияның соңғы суреттері халық назарын одан бетер аударды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Instagram аккаунтында Бэлль өзінің күнделікті өмірі мен фототүсірілім кезіндегі суреттерін жүктеп тұрады. Сондай-ақ, әр жазбаның астында ол жүктіліктің нешінші айында жүргенін де атап өтеді.

Бойжеткеннің суретін көрген әрбір желі қолданушысы таңданысын жасыра алмайтыны сөзсіз. Себебі оның аяғы ауыр екеніне сену мүмкін емес.

Жүктіліктің алтыншы айында жүргенін айтқан арудың іші теп-тегіс, яғни, ол алты айда мүлде өзгермеген.

Бұған таңырқап та, тамсанып та қараған желі қолданушылары бойжеткеннен оның диетасы мен жаттығулар тізімін сұрай жөнелді.

Алайда Бэлльге сенімсіздікпен қарағандар да болды. Кейбір оқырмандар оның өтірік жүкті болып жүргенін айтқан.

Бэлль мұндай кереғар пікірлерге дұрыс қарайтынын алға тартты. Өзінің "ерекше" жүктілігін ару генетикамен байланыстырады екен. Оның сөзінше, сәби өзгелердегідей іште емес, арқа жаққа жақын орналасқан.

Ол өз кезегінде ашықпай, дұрыс тамақтанып, дәрігерлердің кеңесін орындап жүргенін жасырмады.

Сіздің реакцияңыз
6
5
0
0
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel