Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жайлы жалған ақпарат таратқан адамға іздеу салынды

Опубликовано:

7 маусымда әлеуметтік желіде азаматтардың "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарын жаппай жауып жатқандығы" жайында ақпарат тараған. Бұл хабарламамен қоса, банк бөлімшелерінде ұзын-сонар кезекте тұрған адамдардың суреті жарияланған. Алайда, ақпарат жалған болып шықты хабарлайды КТК арнасы.

Фото: BNews.kz
Фото: BNews.kz: Depositphotos

Желіде тараған ақпараттың жалған екенін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" өкілдері ресми түрде мәлімдеді.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Керісінше банкке 456 салымшы жаңа депозит ашып, 95 салымшы банктік қарыз алды. Сондай-ақ, салымдарды біріктіру, бөлу және оны басқа салымшының атына аудару жұмыстары жоспарлы режимде жүргізілуде. Ал жалған ақпарат таратқандар міндетті түрде жазаланатын болады", - дейді "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззәт Ибрагимова.

Енді дүйім жұртты дүрліктіріп, қауесет таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өйткені банк басшылығы еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798391-trgyn-j-krylys-zinak-banki-zajly-zalgan-akparat-taratkan-adamga-izdeu-salyndy/

pixel