Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көшедегі ағаш құлап, бір адамды мерт қылды

Опубликовано:

Алматы облысында қатты дауылдан көшедегі ағаш құлап, бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Көксай ауылында болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: podolskriamo.ru
Көрнекі фото: podolskriamo.ru: Depositphotos

Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай түнгі 11-лер шамасында болған. Қатты желге шыдас бермеген кәрі терек өтіп бара жатқан көліктің үстіне құлап, темір тұлпар тізгіндеген азамат қаза тапқан.

Қазір оқиға орнында газ құбыры мен электр желілері қалпына келтірілген. Бірақ коммуналдық мекеме қызметкерлері кесілген ағаш кеспектерін әлі тасып жатыр.

Ал әкімдіктегілер қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз деп ақталды.

"Әкімдікке мемлекет тарапынан 3 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 900-ге жуық қауіп төндіріп тұрған ағаштың 80 пайызын кесіп тастадық. Сондай-ақ, қауіпті 146 теректің 13-і ғана қалды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолымыздан келгенше жұмыс атқарып жатырмыз", - дейді Іргелі ауылдық округінің әкімі Қадырбек Атшабаров.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798392-almaty-oblysynda-ksedegi-agas-klap-bir-adamdy-mert-kyldy/

pixel