RU
Димаш Құдайберген мен Ержан Максим Мәскеуде қызыл кілеммен жүріп өтті (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген мен Ержан Максим Мәскеуде қызыл кілеммен жүріп өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Әнші Димаш Құдайберген пен жас таланат Ержан Максим Мәскеуде өткен Муз-ТВ 2019 жүлдесінің қызыл кілемімен жүріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жаңалықпен аталмыш музыкалық каналдың бас директоры Арман Давлетьяров өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Оның сөзінше, Димаш қызыл кілемді ашқан және бірінші болып жүріп өткен. Бұл кешке қазақстандық әнші қонақ ретінде келген екен.

Муз-ТВ 2019 жүлдесіне Қазақстаннан тек Димаш қана емес өнердегі інісі, ресейліктердің ықыласына бөленген тағы бір таланат Ержан Максимнің де барғанын байқауға болады.

Арман Давлетьяров Ержанмен де түскен суретін желіде жария етті.

Сонымен қатар желіде көліктен түскен Димашты қызыл кілемде фанаттары қалай қарсы алғаны жайлы видеода да тарады. Бейнежазбадан олардың бар дауысымен Димаш, Димаш деп айқайлап жатқанын естіуге болады.

Сондай-ақ, әнші ресейлік әзілкеш әрі тележүргізуші Максим Галкинге шағын сұхбат беріп, кейін сахнада ән салған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel