RU
Головкин маңызды кездесудің алдында жанкүйерлеріне үндеу жолдады
Жаңалықтар Қоғам

Головкин маңызды кездесудің алдында жанкүйерлеріне үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның канадалық қарсыласы Стив Роллс Нью-Йорктегі кездесу алдында ақтық салмақ өлшеу рәсімінен өтті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Головкиннің салмағы 163 фунтты (73,93 килограмм), Роллс — 163,8 фунтты (74,3 килограмм) көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жек аралық салмақта өтеді. Бұған дейін Геннадий тек 160 фунт салмақта бокстасқан еді.

GGG өлшеуден кейін Instagram парақшасында жанкүйерлерге үндеу жолдап, былай деді:

"Салмақ өлшеу аяқталды. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рақмет, ертең көрісеміз!", - деп жазды ол.

Головкин-Роллс кездесуі 9 маусым күні, таңертең, Madison Square Garden алаңында өтеді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:00-ден кейін басталады. Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді "Qazaqsport" және "Qazaqstan" телеарналары арқылы тікелей эфирде көре алады.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
3
1
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel