Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеңес үкіметі емес қой": Құрттаған су ішіп отырған түркістандықтар жанайқайын айтты

Опубликовано:

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл тұрғындары құрттаған су ішіп отрығандарын айтып, шамданды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақтаарал аудандық округіне қарасты Береке ауылындағылар таза ауыз суға жарымай отырмыз дейді. Айтуларынша, ауыл ішінде ауыз су құбыры Кеңес үкіметінен бері жөндеу көрмеген.

"Шіріген құбырдың әр жері бір істен шыққандықтан тіршілік нәрі бақа мен ұсақ жәндіктермен араласып отыр. Ал ол суды біз ішіп отырмыз. Денсаулығымыз да сыр беріп жатыр. Біз мейлі, балаларымызды обал. Ауыл халқы нәпақасын егістіктен табады. 45-50 градус ыстықта егістік алқабында тер төгіп үйге келеміз де, суды сағаттап күтеміз.
Түнгі он екі, кейде екіге дейін су болмайды. Бір кесе суға зар боламыз. Тас дәуірінде тұрып жатқан жоқпыз ғой. Сол су үшін адам басына 230 теңгеден төлейміз. Кассир келіп ай сайын жинап кетеді. Бірақ, суымыздың түрі мынау", - деді берекелік тұрғын Рамазан Кулиев. 
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сағаттап әрі сапасы сын көтермейтін суды ішіп отырған халық сол үшін ақша да төлеп отыр. Адам басына 230 теңге төленеді. 

Жергілікті әкім мен ауылды ауыз сумен қамтып отырған мекеме басшысына бара-бара табан тоздырған жұрт қайда барарымызды білмей қалдық дейді.

Ең сорақысы, шағымын айтқан оларға жауаптылар "ЭКСПО-2017" көрмесі өткізілген соң бюджеттен қаржы қаралмай отырғанын айтыпты. 

Ауылды ауыз сумен қамтып отырған мекеме "Мақтаарал и К" СПК-ның төрағасы Қалдар Жиренбаев тұрғындарға судың сағаттап берілуін құбырлардың тозығы жетуімен байланыстырып отыр. Бірақ, қараша халық айтқандай ауылда ауыз су тәулігіне 3-4 сағат емес, 20 сағат беріледі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оның үстіне кейбір тұрғындар бақшаларын суғарған соң келесі біріне су жетпей қалады. Мекеме басшысы бұл мәселені шешу үшін қаржының бөлінбей отырғанын да жоққа шығармады.

Аудандық әкімдікке талай рет хат жазған. Тіпті жобалық-сметалық құжатын да жасаған. Бірақ, қаржының бөлінбеуі қолбайлау болып келген. Ауылдық округ әкімі Әлім Ибраев қаржыға қатысты мәселе артта қалды дейді.

"Жалпы біздің ауылдық округте Береке мен Есентаев елдімекендерінде ауыз су проблемасы бар. Биыл құжаттардың бәрі өткізілді. Оны дайындау үшін аудан бюджетінен 2 млн 100 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық сараптама жұмыстары аяқталды. Енді құбыр жүргізу үшін қаржы сұрау және тендер өткізу жұмыстары басталды. Биыл жаңа құбыр жүргізу жұмыстары жасалады",- деп сендірді шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798413-kees-kimeti-emes-koj-krttagan-su-isip-otyrgan-trkistandyktar-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel