RU
Бекмамбетов Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бекмамбетов Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов отандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған фильмнің түсірілімі туралы әңгімелеп берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: radioromantika.ru

Фото: radioromantika.ru

Бекмамбетов фильмнің түсірілімі аяқталғанын айтты. Қазіргі уақытта ол постпродакшн сатысында тұр.

Фильм түсірілімі Лос-Анжелесте өтті. Картинада көрермендер диджитал құрылғылары арқылы құрылатын жігіт пен қыздың қарым-қатынасын көреді.

" Біз онымен осы фильмді түсіруге келіскенбіз, өз уәдемізді орындап жатырмыз", - деп атап өтті продюсер.

Сондай-ақ, режиссер фильмнің Денис Теннің қатысуынсыз жарыққа шығатынына өкінішін білдірді.

Бекмамбетовтың айтуынша, оның командасы Денис Тен атындағы қормен және оның туыстарымен тығыз байланыста.

Режиссер фильм осы жылы экранға шығады деп үміттенеді.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel