Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде Алла үйіндегі садақа жәшігі тоналды

Опубликовано:

Ақтөбе қаласындағы мешіттегі ұрлық Рамазан айында Қадір түнінен кейін болған. Оқиға Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылындағы мешітте тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: nurgasyr
Фото: nurgasyr: UGC

Сұғанақ қолдар қасиетті айда Алланың үйіне түскен. Ауыл мешітіне түнделетін кірген тұрғын сейфті бұзып ашып, ішіндегі ақшаны алып кеткен. Бұл оқиғаның болғанын аудан әкімдігі растап отыр.

"Жағдай анықталып, полицияға хабарланды. Қасиетті түннен кейін сондай әрекет жасалып тұр",- дейді Ойыл ауданының әкімдігі.

Ойыл ауданының әкімдігі. Мешітті тонаған күдікті қазір қолға түскен. Ол сол ауылдың тұрғыны болып шықты.

"Оқиға Қараой ауылдық мешітінде маусымның 2-нен 3-не қараған түні тіркелді. Күдікті терезеден кіру арқылы сейф кілтін бұзып, ішіндегі 77 мың теңгені алып кеткен. Күдікті ұсталды. Сол ауылдың тұрғыны. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр",- деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798427-aktbede-alla-jindegi-sadaka-zsigi-tonaldy/

pixel