Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйінші!": Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатов ата-ана атанды

Опубликовано:

Бүгін танымал әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатовтың шаңырағында үлкен қуаныш орын алды. Жұлдызды жұп небәрі бірнеше сағат бұрын ата-ана атанды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2018 жылы шыңырақ құрған қос ғашық бүгін ата-ана атанып отыр. Қуанышты хабарды жұлдызды жұп оқырмандарына бірінші болып жеткізуді жөн көрген.

Альбина мен Бауыржан тұңғыштарымен түскен суретті әлеуметтік желіге жүктеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Қуанышты хабарды естіген желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

"Құттықтаймыз, бауы берік болсын!", "Алла өрісіңді кеңейтсін досым. Жөргегің босамасын! Шаңырағыңа шаттықпен келсін шақалағың!", " Отбасыларыңмен аман-есен, бақытты болыңдар!", "Ханшайымның бауы берік болсын! ", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798436-albina-sardarova-men-bauyrzan-satov-ata-ana-atandy/

pixel