RU

Тоғыз жасар қыз леопардтың шабуылынан көз жұмды

Непалда джунглидегі леопард тоғыз жасар қызды шабуылдаған. Анықталғандай жыртқыш аң қызды мойнынан тістеп, талап тастаған деп хабарлайды iz.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: eyeni.ru
Фото: eyeni.ru: UGC

Қайғылы оқиға Непалдағы Танаху ауданы орталығында болды. Жыртқыш аң қыздың мойнынан тістеген.

Оның денесі 7 маусым күні, кешке үйінің маңындағы джунглиден табылған.

Басылым екі ай бұрын дәл осы жерде леопардтың екі балаға шабуылдағанын айтты. Дегенмен олардың бірі жыртқыштан қашып үлгерген, ал екіншісі жеңіл жарақат алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798443-togyz-zasar-kyz-leopardty-sabuylynan-kz-zmdy.html