Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда екі өрт кезінде 11 адам құтқарылды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда бүгін екі жерден өрт шығып, өрт сөндірушілер 11 адамды құтқара алды деп хабарлайды елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: school298.spb.ru
Фото: school298.spb.ru: UGC

Өрттің бірі Бейбітшілік 1 көшесінде болған. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде, төрт қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен үй заттары жанғанын анықтады.

Өрт 20 шаршы метр тұрғын үй алаңын қамтыды.

Үй-жайды тығыз түтін жалмағаны үшін құтқарушылар газбен уланып қалуы мүмкін адамдарды эвакуациялауды бастауға шешім қабылдады.

Құтқару операциясының нәтижесінде авто және үш сатылы баспалдақтың көмегімен 6 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала болды.

Сондай-ақ, ғимараттан 13 тұрғын эвакуацияланды. Олардың ішінде 2 бала болды.

Екінші өрт Абай көшесі 1 мекен-жайында болды. Өрт сөндірушілер өрт орнына 7 минуттан соң жетіп, жалынның дәл бірінші жағдайдағыдай жиһазды жалмағанын көрген.

Мұнда жалыннан 5 шаршы метр тұрғын үй алаңы зардап шекті.

Осы мекенжай бойынша 5 адам құтқарылды, оның ішінде үшеуі - бала.

25 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 8 бала болды.

Екі жағдайда да өрттің себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798449-nr-sltanda-eki-rt-kezinde-11-adam-ktkaryldy/

pixel