RU
Зейнеткер печеньедегі сандардың көмегімен миллионер атанған

Зейнеткер печеньедегі сандардың көмегімен миллионер атанған

Рассказать Вконтакте

Американың Солтүстік Каролина штатының тұрғыны, зейнеткер Чарльз Джексонның немересі вьетнам дәмханасында болып, атасына болашақты болжайтын хаты бар печенье сыйлаған. Дәл осы сыйлықтың арқасында қарт адам миллионды қанжығасына байлады деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Хатта жазулы тұрған сандарды көрген Чарльз, шабыттанғаннан, лото билетін сатып алыпты. 66 жастағы қарт адам билеттегі бос орындарға осы сандарды жазып, 344,6 миллион долларды ұтып алыпты.

Чарльз енді Вьетнам еліне барып, қаржының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсағысы келетінін айтты.

Ол өзінің жеке өмірінде айтарлық өзгеріс орын алмайтынын айтты. Оның сөзінше, ол енді ол өзіне жаңа, сәл қымбатырақ джинсы шалбар сатып алу мүмкін.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel