Бақауов сайлау бөлімшесінің ашылуын күтуге мәжбүр болған
Қазақстан бойынша барлық сайлау бөлімшелері өз жұмысын сағат 7:00-ден бастады. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов сайлау бөлімшесіне әйелі мен төрт баласымен бірге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов сайлау бөлімшесіне әйелі мен төрт баласымен бірге келді. Фото: NUR.KZ
Болат Бақауов Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан №15 сайлау бөлімшесінде дауыс берді.
Облыс басшысы ол жерге сайлаудың ресми түрде басталуына он минут қалған кезінде келген. Сол себепті әкім ғимаратқа кіру үшін сағат 7:00 болуын күткен.

Фото: NUR.KZ
Бақауов сайлау бөлімшесінің ашылуын күткеніне қарамастан, ең бірінші болып дауыс бере алмаған. Бұл бөлімшеде 1633 дауыс беруші тіркелген. Олардың 24-не қызметкерлер үйлеріне арнайы барып, дауыс алады.
86 жастағы зейнеткер Иния Шафигулина күнделікті ерте оянғандықтан, бірден сайлауға барып, өз таңдауын жасауды жөн көрген.

Павлодар обласының әкімі. Фото: NUR.KZ
Павлодардағы №15 сайлау бөлімшесінде ОБСЕ халықаралық бақылаушылары жұмыс істеп жатыр.

Фото: NUR.KZ