RU
GGG-Роллс андеркарты: Бахтияр Эюбов жеңіліп қалды

GGG-Роллс андеркарты: Бахтияр Эюбов жеңіліп қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов қарсыласы Брайан Себальодан жеңіліп қалды. GGG-Роллс бокс кешінде өткен жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша ұтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Qazsport

Фото: видеодан кадр/Qazsport

Жекпе-жек жоспарланғандай сегіз раундқа созылды. Қазақстандық боксшы өз қарсыласынан осал түсіп, төрешілер бірауыздан жеңісті Себальоға берді.

Төрешілердің бірі тіптен барлық сегіз раунды та америкалық боксшының еншісіне берген.

Айта кетейік, бұл Себальо үшін тоғызыншы жеңіс болды. Бұған дейін, спортшы жеңіліп көрмеген.

Өзінің ақтық сөзінде ол Эюбовты мақтап, оның мықты боксшы екенін айтты.

Оған қоса, Себальо қазақстандық спортшыдан 2015 жылы жеңіліп қалғанын айтты. Сол себепті, ол үшін бұл жеңіс аса маңызды болған.

"Келесі белестерді бағындыру үшін маған бұл жекпе-жек ауадай қажет болды. Мен қазақстандық боксшылардың күшін білемін" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel