RU
Геннадий Головкин пен Стив Роллстың жекпе-жегі қалай өтті
Жаңалықтар Қоғам

Геннадий Головкин пен Стив Роллстың жекпе-жегі қалай өтті

Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың арасындағы жекпе жек басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кезекті нокаут

Головкин кәсіби бокстағы 39-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол 35 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.

Нокаут

Генадий Головкин канадалық боксшыны жекпе-жектің төртінші раундында нокаутқа жіберді.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

4 раунд

Головкин төртінші раундты жоғары қарқында бастады. Оның соққылары канадалық спортшыға тура тиюде. Қазақстандық боксшының ауыр соққысы Роллсты есеңгіретті.

3 раунд

Головкин ұрымтал сәтті күтіп жүр. Канадалық боксшыға мүмкіндік беруде. Ол Роллсқа бірнеше тура соққысын дарытты.

2 раунд

Канадалық боксшы да сенімділік пайда бола бастады. Ал Головкин жұдырықтасу әдісін өзгерткен жоқ.

Фото: Қазспорт телеарнасынан скриншот

Фото: Қазспорт телеарнасынан скриншот

1 раунд

Головкин бірден шабуылға шықты. Роллстың жүзінен қобалжудың белгілерін байқауға болады.

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға көтерілді

Головкин рингке көтеріңкі көңіл күймен көтерілді.

Жекпе-жек қазір басталады

Қазір Головкин мен Альварестің соңғы кездесуінің көрсетілімін қайталап көрсетуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel