Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биылғы сайлау ерекше": Нұрсұлтан Назарбаев өз таңдауын жасады (фото)

Опубликовано:

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Оған түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдар атынан жеті үміткер қатысуда. Сайлау учаскесіне келіп, дауыс берушілердің қатарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Ол елордадағы №58 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Нұр-Сұлтанның Алматы ауданы №58 сайлау учаскесіне келген ол қазақстандықтарға сайлауға қатысып, болашақ президентке дауыс беруге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images
"Президент сайлауына барлығы келіп, дауыс беріп жатыр. Бұл - тарихи күн. Бұл жай ғана сайлау емес, адамдар өз болшақтарына таңдау жасайды.
Биылғы сайлау ерекше, себебі билік жаңа ұрпақтың қолына беріліп жатыр. Осы сайлау елімізге табыс әкелсін",-деді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетейік, биылғы сайлауда президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Аменгелді Таспиқов, Дәния Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосановтар қатысып жатыр. Алдын ала қорытындылар 10-11 маусым аралығында белгілі болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798502-biylgy-sajlau-erekse-nrsltan-nazarbaev-z-tadauyn-zasady-foto/

pixel