RU

Қасым-Жомарт Тоқаев: Президент сайлауы - соғыс алаңы емес (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілінде еркін сөйлеп, журналистерді таңғалдырды. Президенттікке үміткер дауыс беріп болған соң, баспасөз өкілдерімен тілдесуді жөн көрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Тоқаев дауыс берген Астана Операдағы сайлау бөлімшесіне қазақстандық журналистер ғана емес, шетелдік баспасөз өкілдері де келген. Олар сұрақтарын ағылшын тілінде қойған.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original
"Бүгін ерекше әрі тарихи күн. Меніңше, кез келген сайлаулар, әсіресе, президент сайлауы - соғыс алаңы емес. Бұл бағдарламалар мен пікірлер сайысы - біздің халық еліміздегі саяси жағдайларға бей-жай қараған емес" , - деді Тоқаев.
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798528-kasym-zomart-tokaev-prezident-sajlauy-sogys-alay-emes-video.html