RU

Түркістан облысында жаңа босанған әйелдер де қалыс қалмай, дауыс беруде (фото)

ҚР президентінің сайлауы қарсаңында бүгін түнде Түркістан облысы бойынша 200 бала жарық дүние есігін ашты. Оның 100-ден астамы қыз бала. Айта кетерлігі, перзентханадарда да сайлау науқаны қызу өтіп жатыр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

роддом
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Аяғы ауыр және жаңа босанған әйелдер болашаққа таңдау жасап, сайлауға қатысуда.

Түркістан облысы бойынша 3 перинатальды орталық бар. Бүгінгі сайлауға 300-ден астам жас босанған ана қатысты.
роддом
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Бір ғана Түркістан облыстық нөмірі бірінші перинатальды орталықта бүгін 135 ана өз таңдауын жасап, дауыс берді.

роддом
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңдай сәби дүниеге келеді. Бұл - республика бойынша ең үлкен көрсеткіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798531-trkistan-oblysynda-zaa-bosangan-jelder-de-kalys-kalmaj-dauys-berude-foto.html