RU
Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді бүгінгі жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында GGG-ге қатысты жазба жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан/AP Photo / Frank Franklin II. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Sputnik Қазақстан/AP Photo / Frank Franklin II. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын" , - деп жазды Тоқаев.

Оған қоса, президент Қазақстан тұрғындары өз чемпионын мақтан тұтатынын жеткізді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарап кетті.

Оған қоса, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel