Астаналықтар сайлауға келген Елбасының қолын алу үшін оны қоршап алды (фото)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы №58 сайлау учаскесіне келіп, өз даусын берді. Тұңғыш президентті көрген қала тұрғындары оның қолын алу үшін жан-жағынан қаумалап, қоршап алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде барлығымен жылы амандасып, қол алысып жатты.
Кейін алфавит бойынша тізілген дауыс беретін орындарға қарай бет алды.

Фото: NUR.KZ
Тұңғыш президент дауыс беру парақшасын алып, өз таңдауын жасады.

Фото: NUR.KZ
Қала тұрғындары Елбасы сайлау учаскесінен кеткенше, соңынан еріп, жылы лебіздерін айтумен болды.

Фото: NUR.KZ
"Дауыс беруге жұбайымыз екеуміз келіп тұрмыз. Елбасыны көріп, қатты қуанып тұрмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Тағы да оқыңыздар