RU
Назарбаев Головкинге: Әділ жекпе-жекте тағы да өз шеберлігіңді көрсеттің
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев Головкинге: Әділ жекпе-жекте тағы да өз шеберлігіңді көрсеттің

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады. Елбасының қазақстандық боксшыны құттықтау хатын баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті Генадий! Сені кәсіби бокс рингіндегі жарқын жеңісіңмен құттықтаймын", - деді Назарбаев.

Елбасының сөзінше, боксшы жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігін көрсеткен.

"Өзіңді шыңдауың және ұдайы ұмтылуың саған көптеген спорт шыңдарын бағындыруға мүмкіндік берді, ол қазақстандық спортшылардың жаңа буыны үшін үлгіге айналды", - деп жазды Тұңғыш президент құттықтау хатында. 

Назарбаев боксшыға зор денсаулық пен үлкен жетістіктер тіледі.

Еске сала кетсек, Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel