RU

Шөкеев түркістандықтарды сайлауда белсенді болуға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сайлау кезінде түркістандықтарды белсенді болуға шақырды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

шукеев
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: Getty Images

Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне келген облыс әкімі жастармен бірге өз таңдауын жасады.

«Облысымыздағы барлық сайлау учаскелері тиісінше дайындалып, маңызды науқанды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық жан-жақты ақпараттандырылып, мемлекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда. Осы ретте еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәтте баршаңызды белсенді болуға шақырамын», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында 889 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметінше өңірде 1 181 946 адам дауыс беру құқығына ие. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798579-skeev-trkistandyktardy-sajlauda-belsendi-boluga-sakyrdy.html