RU
Головкин қарсыласын нокаутқа жіберген жойқын соққысын көрсетті (фото)

Головкин қарсыласын нокаутқа жіберген жойқын соққысын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында канадалық Стив Роллспен өткен жекпе-жегінің суреттерімен бөлісті. Отандасымыз қарсыласын нокаутқа жіберген жойқын соққы жасаған сәтін желіде жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық боксшы сенімді жеңісінен кейін, өзінің Instagram парақшасына жекпе-жек кезіндегі суреттерді жүктеген. Онда GGG-дің Роллсты нокаутқа жіберген жойқын соққысын көруге болады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарап кетті.

Оған қоса, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен Twitter папақшасында құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық боксшыға арнайы құттықтау хабарламасын жіберген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel