RU

Көшербаев пен жұбайы сайлауда дауыс беру үшін кезекке тұрды (фото)

Қызылорда облысының әкімі сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді. Көшербаевтың әйелі бюлетень алып, кабинкаға кіру үшін кезекке тұрды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бюлетеньді жәшікке бірінші әкім тастаса, бірнеше минуттан кейін жұбайы салды.

Одан кейін Көшербаев үш жастағы Сарвиназ және оның әжесімен тілдесті.

Қыз бала комиссия өкілдерінен ең жас сайлаушы ретінде естелікке сыйлық алды.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қызылорда қаласындағы №203 учаскеде астана уақытымен 11-де сайлаушылардың 30 пайызға жуығы дауыс бергені анықталды.

Қазіргі уақытта ереже бұзушылық оқиғасы тіркелмеген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798582-kserbaev-pen-ony-zbajy-dauys-beru-sin-kezekke-trdy.html