RU
Желіде Головкин мен Роллс жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды

Желіде Головкин мен Роллс жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Генадий Головкин мен Стив Роллс жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы болып Генадий Головкин танылды.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын 4 раунда сұлатып тастады.

Бұл Головкиннің кәсіпқой бокстағы 39-ші жеңісі болып тіркелді.

Еске сала кетсек, бүгін, 9 маусымда Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарап кетті.

Одан бөлек, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен Twitter папақшасында құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық боксшыға арнайы құттықтау хабарламасын жіберген.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel