RU
"Нағыз батырмен төбелес": Альварестің промоутері үндеу тастады

"Нағыз батырмен төбелес": Альварестің промоутері үндеу тастады

Рассказать Вконтакте

Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Головкиннің Роллсты уақытынан бұрын жеңуіне байланысты пікір білдірді. Ол өз ойын Twitter желісіндегі парақшасында білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Де ла Хойя Головкинге "Канеломен" үшінші жекпе-жекке байланысты шарттарын атады.

"Жеңіспен тамаша оралдың. Ал енді нағыз батырмен төбелес, белбеулер ұт. Мен үшінші кездесу туралы ойланатын боламын", - деді Альварестің промоутері.

Еске сала кетсек, бүгін, 9 маусымда Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарап кетті.

Одан бөлек, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен Twitter папақшасында құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық боксшыға арнайы құттықтау хабарламасын жіберген.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel