RU
Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг болды: Жүзден аса адам тұтқындалды
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг болды: Жүзден аса адам тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында елде тыйым салынған ҚДТ ұйымының шақыруымен жиналған жүздеген адам туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Митингтер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болып өтті.

Көпшілік Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ эстремистік ұйымының шақыртуы бойынша жиналған.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтан қалаларында жиналған адамдар жайлы айтты.

Ол сайлаудың алдында халықты шет мемлекеттен белсенді түрде дайындағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі аталған қалалардағы қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қарсы шаралар қолданып жатыр.

Мұндай кертартпа әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар сайлау учаскелерінде дауыс беруді жалғастыруда.

"Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстан сотымен тыйым салынған ҚДТ экстремистік ұйымның шақыруымен жүзден көп адам жиналды.
Белгілі болғандай, ұйымның қашқын басшылары елімізде биліктің беделін түсіру, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жасау бойынша жаппай насихат жүргізіп, сайлау кезіндегі қоғамға қарсы іс - қимылдарға шақырды", - деді ол.

Қожаев қазіргі уақытта 100-ге жуық адам ұсталғанын хабарлады. Оның сөзінше, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары қабылданып жатыр.

"Біз қазір қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Біздің заңымызда кез келген бейбіт жиналыстар, шерулер, демонстрациялар, митингілер өткізу тәртібі нақты көрсетілген. Заңды талаптарды сақтамағаны үшін заң бұзушылар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті Марат Қожаев.
Сіздің реакцияңыз
27
3
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel