RU
ІІМ: Нұр-Сұлтанда бір топ адам көшелерді жауып, коллапс ұйымдастырды

ІІМ: Нұр-Сұлтанда бір топ адам көшелерді жауып, коллапс ұйымдастырды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясы брифингінде Нұр-Сұлтан көшелерінің бірін жапқан адамдар тобы туралы хабарлады. Оларға "шет мемлекеттен сайлау уақытында коллапс жасау туралы нұсқаулар берілген" деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазір Нұр-Сұлтанның оңтүстік жағалауында көлікпен жүру мүмкін емес. Автокөліктер қозғалыссыз тұр, ал жолдарда қатты кептеліс орын алған.

Сонымен қатар, астаналықтардың ұялы телефондары байланыссыз қалды. Адамдар интернетті пайдалана алмағаннан бөлек, бір-біріне хабарласу мүмкіндігінен де айырылды.

Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі бастығының орынбасары пікір білдірді.

"Өкінішке орай, менде интернет қабылдайтын телефон жоқ. Мен сіздерге ІІМ ғимаратында бұғаттауды сезінбейміз деп айта алмаймын. Ал осында (ОСК) сіздерде білмеймін.
Кептелістер бойынша-әлеуметтік желіден хабардарсыздар, елімізде экстремистік ұйым болып мойындалған ұйымның шетелдік басшыларынан қандай нұсқаулар келіп түскен.
Олар көшелерді жауып, сайлау уақытында жаппай коллапс ұйымдастыруға шақырған. Осы мақсатта Нұр-Сұлтандағы бірнеше топтағы адамдар орталық көшелердің бірін жауып тастаған. Кез келген жол артериясының жабылуы басқа көшелердегі қозғалыста мәселе туындатады", - дейді Қожаев
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel