Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында екі инкассатордың өліміне күдікті олардың әріптесі болып шықты

Опубликовано:

Түркістан облысының полицейлері инкассаторларға шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады. Ол 1981 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жедел іздестіру тобы екі инкассатордың қанын мойнына жүктеген пошта қызметкері екендігін анықтаған.

Құрықталған күдіктінің үйінен аңшы мылтығы мен ақша табылған.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Күдіктінің айтуына қарағанда ол еңбек демалысында жүріп, әріптестерінен діттеген жеріне жеткізіп салуды сұранған. Содан кейін автокөлік ішінде отырып, екі әріптесін атып, ақшаны алып, бой тасалаған.

"Ер адам қылмыстық кодекстің екі бабымен, яғни​ 99-бабы "Адам өлтiру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Еске сала кетейік, 7 маусым күні Арыс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне инкасаторларға шабуыл жасалғаны туралы шағым түскен.​

Онда екі инкассатор қызметтік көлікпен "Задария ауылына барып, одан соң Монтайтасқа барып, поштамен бірге Қожатоғай​ ауылына бара жатырмыз" дегеннен соң сағат 12-лерден кейін байланыссыз кеткен.

Екі инкассаторымен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен қызметтік көліктің ішінде ауыл тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған.

Күдіктілердің мекен-жайын анықтау мақсатында, барлық іс-шаралар​ атқарылды.​ Түркістан облысы полиция департаменті мен Арыс АПБ-нің арнайы кәсіби мамандардан жедел-тергеу тобы құрылды.

Олар із-түзсіз жоғалған инкассаторларды арнайы іздеп, барлық аудан орталығына​ шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексерді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, қажетті деген шараларды атқарды. 

Нәтижесінде жедел уәкілдер сол күні сағат шамамен 20:00-ден асқанда Арыс қаласынан 3 шақырым жерден тастанды көлікті тапқан. Ішін тексеру барысында қан іздерін алған.

Осыдан кейін инкассаторлардың қасақана өлтірілгені белгілі болды. Ал келесі күні таңғы сағат 6:00-де​ аудан орталығынан 35 шақырым жерден бастарына оқ тиген мәйіті табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798623-riptesi-bolyp-sykty-trkistan-oblysynda-inkassatorlardy-ltirdi-degen-kdikti-staldy/

pixel