Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қарт кісілер үйден шықпай дауыс берді (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысында болашақ президентті таңдау үшін денсаулығына байланысты үйінен шықпай-ақ дауыс берген қариялар баршылық. Осы орайда сайлау учаскесіне келе алмаған қарттардың үйіне жәшікті арнайы апарып, таңдау жасауға мүмкіндік берілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Аталған мүмкіндікке ие болғандардың бірі – Ж. Ералиев ауыл округінің тұрғыны Үрбиша Ералиева. Қарт әжей өз таңдауын жасап, учаске мүшелеріне ақ батасын жаудырды.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Денсаулығына байланысты төсек тартып жатқан Қазыбек би ауыл округі Таубай ата елдімекенінің тұрғыны Қалмырза Күзенбаев та өз таңдауын жасап, дауыс бергеніне дән риза.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original
Өйткені, қария "Қазақстанның болашағы – менің ұрпағымның болашағы" деп есептейді. 
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original
"Түркістан облысы Жетісай ауданында орналасқан 72 сайлау учаскесінде дауыс беру жұмыстары жалғасуда. Әсіресе, ауыл билері мен  ақсақалдар бастаған үлкен буын өкілдерінің дауыс беру қарқыны көңіл қуантады", - деп хабарлайды Жетісай ауданының әкімдігі.
Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798636-trkistan-oblysynda-kart-kisiler-jden-sykpaj-dauys-berdi-foto/

pixel