RU

Кешкі сағат 18:00-ге дейін қанша қазақстандық дауыс беріп үлгерді?

Орталық сайлау комиссиясы кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың қанша пайызы дауыс бергенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: election.gov.kz
Фото: election.gov.kz: UGC

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәлімет бойынша 9 маусым күні кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың 72,9 %-ы дауыс беріп үлгерген.

Өңірлер бойынша дауыс беруге қатысу көрсеткіші бойынша Алматы облысы көш бастап тұр.

Онда тұрғындардың 86,3%-ы дауыс берген. Сол сияқты үздік үштікке Ақтөбе облысы 84,1%, Қостанай облысы 81,1%, Ақмолы облыстары 81% еніп тұр.

Ал ең төмен көрсеткіш әзірге Шымкентке қаласына тиесілі. Онда тұрғындардың тек 63,6%-ы дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1798648-keski-sagat-1800-ge-dejin-kansa-kazakstandyk-dauys-berip-lgerdi.html