RU
Қорғаныс министрлігі Алматыдағы қоршауға "Жас Ұлан" тәрбиеленушілері қатысқанын жоққа шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Қорғаныс министрлігі Алматыдағы қоршауға "Жас Ұлан" тәрбиеленушілері қатысқанын жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Алматы қаласындағы қоршауға алу әрекеттерін қолдау үшін "Жас Ұлан" мектебінің 15-16 жастағы тәрбиеленушілері жіберіліп жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде билік өкілдері орталыққа республикалық "Жас Ұлан" мектебінің кадеттерін жіберіп жатыр деген мәлімет пайда болды.

"15-16 жастағы балалар бейбіт тұрғындарға қарсылық көрсетсін деп оларды шығарып, қоршауға қойып жатыр. Билік өкілдері бізге өз балаларымды қарсы шығарып отыр", - деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.

Дегенмен, Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілерде тараған "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысуына қатысты ақпарат жалған болып табылады. Қорғаныс министрлігі жалған ақпаратты таратқаны үшін тартылатын жауапкершілікті еске салады", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз
12
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel