RU
"Эйр Астана" ұшағы Мәскеуге шұғыл қонуға мәжбүр болды
Жаңалықтар Қоғам

"Эйр Астана" ұшағы Мәскеуге шұғыл қонуға мәжбүр болды

Рассказать Вконтакте

Алматыдан Санкт-Петербургке ұшып шыққан "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы техникалық ақау туралы хабарланғаннан кейін Мәскеу әуежайына қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды компанияның корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

КС 154 рейсін орындаған лайнер Алматы уақыты бойынша сағат 16:23-те қонған.

Ұшу кезінде экипаж №1 қозғалтқышындағы майдың төмен қысымы туралы хабарлама алған.

Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ұшқыштар жақын маңдағы әуежайға отырғызу туралы шешім қабылдаған.

"Ұшақтың қонуы штаттық режимде өтті. Инженерлер борттағы ақауларды іздеп, жойып жатыр. Қазіргі уақытта жолаушылар терминалда", - деп атап өтті әуе компаниясында.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel