RU
Сыртқы істер министрлігі Алматыда AFP журналисі ұсталғанын растады
Жаңалықтар Қоғам

Сыртқы істер министрлігі Алматыда AFP журналисі ұсталғанын растады

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Алматыда Agence France Press (AFP) журналисінің ұсталғанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pexels.com

Көрнекі фото: pexels.com

"Шынында да, мұндай жағдай Agence France Press журналисі Кристофер Рикалтонмен болды. Ол тиісті араласудан және талқылаудан кейін кешірім сұрап, жіберілді. Журналиске барлық құжаттары мен жабдықтары қайтарылып берілді", - деді ол.

Сонымен қатар, Василенко тілші Twitter парақшасында өзін ешкім ұрмағанына, ал көзінің асты құлаған соң көгергеніне баса назар аударғанын айтты.

"Біздің қоңырауларға қатысты айтар болсақ, иә, ондай қоңыраулар жасалды. Өйткені, біз Сыртқы істер министрлігі ретінде СІМ арқылы аккредитация алған шетелдік журналистердің ел аумағындағы жұмысына тікелей жауап береміз.
Оны бізді қатысуымыздан кейін ғана шығарғанына келер болсақ, журналист біз араласпай-ақ босатылар еді. Бірақ, бұл кішкене кейінірек, оның СІМ арқылы аккредиттелген шетелдік журналист екені анықталғанда болатын еді", - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бүгін Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев ОСК-дағы брифингте Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тіркелмеген "ҚДТ" экстремистік ұйымының шақыруымен алаңдарда жүздеген адам жиналғанын айтты.

"Бәріңізге белгілі, ұйымның қашқын басшылары елімізде биліктің беделін түсіру, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жүргізіп, сайлау кезіндегі қоғамға қарсы іс - қимылдарға шақырды.
Олардың деструктивті үндеулеріне қарамастан, сайлау жоспарлы түрде өтіп жатыр, халық өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне баруда", - деген ол.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel